Ардақты аналар! Құрметті қыз- келіншектер!
Көктемнің алғашқы қарлығашындай болып келетін 8 наурыз- халықаралық әйелдер күні мерекесінің орны ерекше, мәні бөлек.
Өйткені, Ана - қоғамның тірегі. Отбасының шуағы. Тәрбиенің қайнар бұлағы. Татулық пен тыныштықтың – алтын діңгегі бола білген аяулы жан.
Өмірдегі барлық ізгілік пен құт-береке Ана жүрегінен бастау алады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Кез келген мемлекеттің жеткен биігі, мәдениеті, оның әйелге деген көзқарасымен өлшенеді» – деп, әйел-азаматтың қоғамдағы орнын айрықша ашып көрсеткен болатын.
Мемлекет басшысының әрбір Жолдауында Ана мен балаға деген қамқорлық назардан тыс қалған емес.
Алтын құрсақ аналарымыздың жолын жалғастырып келе жатқан жас аналарға барлық мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде.
Тәуелсіздік алған жылдары елімізде әйелдердің қоғамдағы белсенді позициясы қалыптасты.
Бүгінде әйелдер қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени салаларындағы оң өзгерістерге белсене араласып келеді.
Этносаралық татулық пен келісімнің, ынтымақ пен тұрақтылықтың қалыпты болуында әйел азаматтардың алар орны бөлек.
Жанға дауа болар – дәрігер, ұрпақ тәрбиелеген – ұстаз, ел экономикасын еселеп жүрген – кәсіпкер, өндірісте – инженер, бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер апалармен қатар, қоғам өмірінің барлық саласында жүрген қыз – келіншектер ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді.
Дана халқымыз: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бекер айтпаған.
Әйелдер ел алдында – түрлі саланың қызметкерлері, ал, отбасында – аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйытқысы. Тәрбиелі отбасы – бақытты болашақтың ұясы.
Ана –ұлы өмірдің туын көтерген, алауын жаққан ардақты жан. Батыр да, алып та, ақын да, дарабоз дара қайраткер де – Ананың ақ сүтінен нәр алған.
Ұрпақ ұлағатын арттырып отырған аналар дархан халқымыздың асыл қасиеттерін жемісті жалғастырып келе жатыр.
Ардақты аналар!
Қымбатты замандастар!
Сіздерді, Сіздер арқылы ауданның барлық Аналары мен қыз-келіншектерін Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Көңілдеріңіз шат, мерейлеріңіз үстем болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, амандық тілеймін!
Мереке құтты болсын!
"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы
