ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Халықаралық әйелдер күні»

5 наурыз күні «Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Асыл Кенжеғалиева Көктерек ауылының тұрғындары, зейнеткер аналарымызға мерекелік сыйлықтар тарту етті. Аналарымыз депутатқа ризашылығын білдіріп, ақ баталарын берді. Асыл Кенжеғалиева алдағы уақытта халықтың қалаулысы ретінде өз тарапынан бірқатар игі жобалардың жүзеге асатындығын тілге тиек ете отырып, партияның алдағы 5 жылға арналған жоспарларымен де бөлісті.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы