«Халықаралық әйелдер күні»
5 наурыз күні Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Қуаныш Ермеков «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында Қараоба ауылындағы аз қамтылған отбасының шаңыраңында болып мерекелік сыйлық сыйлады. Отбасы мүшелерінің ризашылығына бөленген депутат партияның алдағы 5 жылға арналған бағдарламасының Жол картасымен таныстыра отырып, өз жоспарларымен де бөлісті. Сонымен қатар халық қалаулысы өзі бекітілген аймақтың мәселесі де назарда болатындығын айтты.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы
