5 наурыз күні Казталов аудандық мәслихатының VII шақырылым депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері Рауан Есенғалиев, Гүлбарам Лұқпанова «Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында Жалпақтал ауылының бірнеше аз қамтылған отбасылары мен көп балалы аналарына мерекелік сыйлықтар тарту етті. Депутаттар нәзік жандыларды мерекемен құттықтай отырып, жылы лебіздерін білдірді. Аналарымыздың мәселелерін де тыңдап, өздерінің жоспарларымен бөлісті.
«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы