Штабтың ашылуы
"Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық филиалында сайлауалды штабтың ашылуы рәсімі болып өтті. Оған партия ардагерлері, аудандық партия филиалының партиялық тізімдегі кандидаттары, партияның сенімді өкілдері мен белсенділері қатысты. Салтанатты шараға "Nur Otan" партиясы Мойынқұм аудандық филиалында құрылған сайлауалды штабының төрағасы Исабеков Шахикерім Әміреқұлұлы қатысып, сөз алды. Салтанатты шара барысында партия ардагері, ауданның "Құрметті азаматы" Мұханбетқұл Сабыров, аудандық мәслихатқа кандидат Мұратхан Естаев, аудандық мәслихатқа кандидат Нұртас Саурықов, аудандық мәслихатқа кандидат Ақсана Қалыбаева сөз сөйледі. Салтанатты шара соңында штаб мүшелері естелікке суретке түсті.

