Мазмұнға өту

Жаңа

Оң шешілген мәселе

«Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалы мен партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Қ.Қ. Тастекеев 2021 жылғы 24 наурызда таңғы сағат 9:00-де Полковничий аралының маңында көлік нөмірі 288 бар автотранспорт мінген азаматтың құқық бұзушылығы анықталды. Азамат заңсыз жолмен ағаштарды кесіп тастаған, сондай-ақ жол ережесіне сәйкес емес жерде өзінің автокөлік құралын орналастырған.

Құқық бұзушылық орын алған жерде Қ.Қ. Тастекеев шұғыл түрде жол қозғалысы полициясының, табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерін, сонымен қатар аталған ауданның учаскелік полициясын шақырды.

Жол қозғалысы және табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Nur Otan» партиясының мүшесі Қ.Қ. Тастекеевке қырағылық пен белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдірді.

0
0
196

Бүгін, Қ.Айтмұхамбетовтың төралығымен Саяси Кеңесінің Бюросы өтті.

Бүгін 15 сәуір күні Партия Жарғысының 8.3.2. және 9.8 тармақтарына сәйкес «Nur Otan» партиясының Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Қ.Айтмұхамбетовтың төралығымен Саяси Кеңесінің Бюросы өтті. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: аудандық кезекті XXVII конференцияны шақыру туралы, өткізілетін күні, конференцияның күн тәртібі және аймақтық конференцияға делигаттар сайлау жөніндегі квота бекітілді. Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының Ақжайық аудандық «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша аумақтық қоғамдық кеңестердін төрағалары мен құрамын бекітіп, шешімдер қабылданды.Саяси Кеңесінің Бюросы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. 2021 жылдың 28 сәуір күні сағат 11.00-де онлайн форматында, партияның Ақжайық аудандық филиалының кезекті XХVІІ есеп-беру сайлау конфере…

0
0
232

Ардагерлердіардақтайық

акциясы өтті. Акция барысында округіміздің ерікті жастары Лепсі ауылының тұрғыны Шаймерденова Роза апамыздың үйіне барып, қал жағдайын сұрап, ауласын тазартып, отын бұтап ақ батасын алды.

0
0
124

#қабылдау2021

Бүгін филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаты Ш.Дүйсенғалиева азаматтарды қабылдады. Қабылдауда болған Қарағанды елді мекенінің тұрғыны Давлетова Балгинже тұрғын үй және зейнетақы мәселесімен жолықты. Тұрғын үй мәселесі шешілді. Зейнетақысын қайта есептеу үшін архивтен құжаттарын жинақтауға сенім хат арқылы әлеуметтік қызметкер тағайындалды. Қабылдаудан соң халыққа қызмет көрсету орталығына барып, аудандық архивтен құжаттарды қарауға өтініш берілді. Сонымен қатар, Өлеңті ауылының тұрғыны телефон арқылы хабарласып, Бердіғалиев көшесіндегі жатақхананың мәселесі жөнінде айтты.

0
0
157

«Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының мониторинг жұмысы

аудандағы № 11,№21 және «Құлагер» емханаларына рейд жүргізді.

Тексеру барысында аталған мекемелердің дәрі сақтайтын қоймалары мен олардың санитарлық талаптарға сәйкестігі мен қоймалардағы дәрі қорының көлемі анықталды. Аталған мекемелердің жұмысы вакцинациялау мерзімі аяқталғанға дейін Партиялық бақылауда болады және мониторинг жұмыстары жалғасады.

2
0
181

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 157,9 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай...

Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 157,9 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды. 133,3 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 51,2 мыңы – тұрақты жұмысқа. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға 1,9 мың адам жіберілді. Өз ісін ашу үшін 3,9 мың адам мемлекеттік гранттар алды. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/186618...***По состоянию на 1 апреля т.г. участниками Государственной программы развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Еңбек» стали 157,9 тыс. человек. 133,3 тыс. человек были трудоустроены, из них 51,2 тыс. – на постоянную работу. В рамках первого направления программы на краткосрочные…

0
0
393

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы

2021 жылы 14 сәуірде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Н.В.Борисова Тобыл қ. «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ филиалының «ХҚКО» бөлімі басшысының қатысуымен Тобыл қаласы «ХҚКО» бөлімінде «Зейнетақы және жәрдемақы тағайындауға құжаттарды қабылдау» тақырыбында онлайн кеңес өткізді.Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдеріне, құжаттарды беру тәртібіне, құжаттарды қабылдауда бас тарту себептеріне, қызмет көрсетуде бас тарту себептеріне қатысты мәселелер талқыланды.Барлық сұрақтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндіру сипатындағы жауаптар берілді.***Главным специалистом отдела пенсионного и социального обеспечения № 1 Департамента Комитета труда, социальной защиты…

0
0
359