«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында Саяси кеңес Бюросы отырысы өткізілді
Бүгін «Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалында Саяси кеңес Бюросы отырысы өткізілді. Бюро мүшесі Н.Оразовтың төрағалығымен өткен отырыста БПҰ-дарының есептік-сайлау жиналыстарын өткізу кестесін, аудандық филиалдың есептік-сайлау конференциясын өткізу кестесін және партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша БПҰ-дарының есептік-сайлау жиналыстарын 19 -23 сәуір аралығында өткізуге, екінші мәселе бойынша филиалдың кезекті есептік –сайлау конференциясын 28-сәуірге өткізуге шешім қабылданды. Бюроның күн тәртібіне шығарылған үшінші мәселе бойынша партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары талқыланып, бекітілді.
