Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бүгін «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросының отырысы өтті.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросының отырысы өткізілді. Бюро отырысына филиал төрағасы Марат Лұқпанұлы Тоқжанов төрағалық етті. Бюроның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының кезекті ХХХ есеп беру-сайлау конференциясын шақыру және күн тәртібін бекіту туралы сонымен қатар «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы жанындағы партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша құрылған қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралды. Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының кезекті ХХХ есеп беру-сайлау конференциясы ағымдағы жылдың 27 сәуір күні сағат 11.00-ге шақырылып, конференцияның күн тәртібі бекітіліп, онлайн форматында өткізу жөнінде бекітілді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша партия филиалы жанындағы жаңадан құрылған қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары бекітілді.

1
0
158

Осы тақырып бойынша

Бүгін «Nur Otan» партиясы Бәйтерек аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросының отырысы өтті. - Yvision.kz