ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

11 сәуір күні фашистік концлагерь тұтқындарын босатудың халықаралық күні өтті

11 сәуір күні фашистік концлагерь тұтқындарын босатудың халықаралық күні өтті. Қазіргі таңда Павлодарда 16 бұрынғы тұтқын тұрады.

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында еске алу күні «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары нацистік концлагерьлердің барлық қиыншылықтарынан өткен павлодарлықтарға барып қайтты.

Қарт адамдар өмірінің ең қорқынышты жылдарын еске алып, фашистік зындандардың қасіретінен қалай өткедерін айтты. Бүгінгі таңда олардың әрқайсысының өмірбаяны батылдық пен табандылықтың нағыз сабағы болып табылады.

Кездесу барысында депутаттар қаза тапқандарды еске алып, әлем – ең ұлы құндылық екенін, ал бүгінгі басты міндет – Қазақстанда тұратын барлық этностар арасында достық пен төзімділікті дамыту екенін, сондай-ақ қарапайым адамдардың сол қиын-қыстау кезеңдегі ерліктерін есте сақтаудың маңызды екенін атап өтті.

Кездесу соңында депутаттар зейнеткерлерге мықты денсаулық, амандық және сергектік тіледі.

🔸🔶🔸🔶🔸🔶🔸

🔹11 апреля прошел Международный день освобождения узников фашистских концлагерей. На сегодняшний день в Павлодаре проживают 16 бывших узников.

В рамках партийного проекта «Ардагерлерді ардақтайық» в день памяти депутаты Павлодарского городского маслихата партии «Nur Otan» посетили павлодарцев, прошедших все трудности и тяготы нацистских концлагерей.

Пожилые люди вспомнили о самых страшных годах своей жизни и рассказали о том, как прошли сквозь ужасы фашистских застенков. Сегодня биография каждого из них является настоящим уроком мужества и стойкости.

В ходе встречи депутаты также почтили память погибших, отметив, что мир – это самая великая ценность, а главная задача сегодня – развивать дружбу и толерантность среди представителей всех этносов, проживающих в Казахстане, а также важно помнить о подвиге простых людей в те тяжелые времена.

В завершении встречи, пенсионерам пожелали крепкого здоровья, благополучия и бодрости духа.