Аудандық партия филиалының Бюро отырыс өтті
15 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының саяси кеңесінің бюро отырысы өтті. Саяси кеңес отырысының күн тәртібінде БПҰ есептік-сайлау жиналыстарын өткізу кестелерін бекітіп және «Nur Otan» партиясының Теректі аумақтық филиалының кезекті ХХХІІІ есептік-сайлау конференциясын шақыру туралы және «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы жанындағы партияның Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселеге сәйкес «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраевтың хабарламасы тыңдалып, қаулы шығарылды. Бюро шешіміне сәйкес БПҰ есептік-сайлау жиналыстарын өткізу кестелері және партияның аумақтық филиалдарының есептік-сайлау конференцияларын өткізу кестелері бекітіліп, кезекті ХХХІІІ конференцияны өткізу сәуір айының 29-на жоспарланды. Ал отырыста қаралған келесі мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы жанындағы партияның Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары бекітілді. Саяси кеңес мүшелері 8 комиссия мен қоғамдық кеңеске мына азаматтарды төрағалық етуге лайық деп тапты. Олар: «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы – Әлжан Нұрғалиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл жөніндегі комиссиясының төрайымы - Шолпан Какижанова, Аумақтық даму комиссиясының төрағасы – Сержан Идиятов, Жастарды қолдау мәселесі бойынша қоғамдық кеңес төрайымы - Нұрсауле Аткеева, Экология мәселесі бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы – Николай Сунцов, Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы – Аманғали Бөкенбаев, Білім және денсаулық мәселелері бойынша қоғамдық кеңестің төрайымы – Элмира Өтепбергенова, Әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық кеңестің төрағасы – Әділет Орынбасаров. «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Мирхат Ибраев бекітілген комиссия және қоғамдық кеңестердің төрағалары мен мүшелері партияның аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалайтындығын атап өтті.

