Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті.
Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық партия филиалы төрағасы Қарағойшин Наурызбай Қадырбайұлының төрағалығымен Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті.
Күн тәртібінде
«БПҰ есептік-сайлау жиналыстарын өткізу кестелерін және партияның
аудандық филиалының есептік-сайлау конференциясын өткізу кестесін бекіту».
«Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша
қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту».
Бірінші, екінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Саматов Рухолла Аманғалиұлы бастауыш партия ұйымдарының есептік жиналыстарын өткізу кестесімен таныстырды. 14 бастауыш партия ұйымы 19-23 сәуір аралығында әр ауылдық округ бойынша және орталықта орналасқан бастауыш партия ұйымдары онлайн форматта партия жиналыстарын өткізетіндігі жөнінде айтты. Жаңақала аудандық филиалының есеп-беру сайлау конференциясын 2021 жылдың 29 сәуір күні сағат 11.00-де онлайн форматында өткізуді ұсынды.
Күн тәртібінің екінші мәселедегі партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша 8 қоғамдық кеңес құрылды.
Олар:
1.Аудандық партиялық бақылау комиссиясы.
2.«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңес.
3.«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес.
4.«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Ұлт денсаулығын дамыту, білім және ғылым жөніндегі кеңес.
5.«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Өңірлік даму жөніндегі кеңес.
6.«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Жастарды қолдау жөніндегі кеңес.
7.«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Экологиялық кеңес
8.«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының жанындағы «Аграрлық секторды дамыту жөніндегі кеңес.
Осы қоғамдық кеңестердің төрағалары мен орынбасарлары және мүшелері таныстырылды.
Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша қаулы қабылданып бекітілді.
