«Ардагерім – ардағым» акциясы өтті
«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы, «Жандосов» БПҰ ұйымдастыруымен «Ардагерім – ардағым» акциясы өтті. Акцияның мақсаты Ұлы Отан соғыс ардагерлері, аса мұқтаж жалғызбасты тыл еңбеккерлері, жалғыз басты қариялардың әлеуметтік-тұрмыстық мәселелеріне көмек көрсету. Медицина қызметкерлері қарттарға медициналық қызмет көрсетті. Ардагерлерге қол ұшын берген медицина қызметкерлері мен жастар алғыс алып қайтты. #ардагерлердіардақтайық
#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы
#ардагерлергеарналғанескерткішалаңы
