Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі.

Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты. Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. Соғыстың қысылтаяң кезеңінде тылда еңбек еткен әр адам кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігін, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» - деген игі ниетті асыл сезімін ешкім есінен шығармауы тиіс.Ұлы жеңістің 76 жылдығына байланысты “Nur Otan”партиясы аудандық филиал төрағасы,аудан әкімі Ә.Мұханбетжанованың атынан ауданымыздың сексен бір ардагеріне мерекелік құттықтау хаттары әзірленді.Жеңісті жақындатуға үлес қосқан тыл ардагерлерінің еңбек жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі,болашаққа аманат екені анық.

0
0
733

Осы тақырып бойынша

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің ерлігі - Yvision.kz