Мазмұнға өту

Жаңа

"Үздік Әдеп жөніндегі Уәкіл" республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі 1-кезеңі өткізілді

▪️Бүгін 2021 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Департамент) Алматы облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында "Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл" республикалық конкурсының өңірлік деңгейдегі 1 кезеңін өткізді. ▪️Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 10-20 мамыр аралығында Департамент тарапынан өтініштер қабылданды. Облыстың жергілікті атқарушы органдарында барлығы 21 Әдеп жөніндегі Уәкілі бар, оның ішінде өңірлік іріктеуге 11 адам қатысты. ▪️Үздік Әдеп жөніндегі Уәкілді анықтау үшін мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, тәуелсіз сарапшылары өкілдерінің 5 мүшесінен тұратын өңірлік комиссия құрылды.Өңірлік комиссия Ғ. Тұрсынбай мырзаның…

0
0
323

Бурабайға барсаңыз немесе бізден де бір кеңес!

Қалай жетеміз:Егер, Сіз Қазақстанның бас қалаға іргелес аймағынан емес, өзге өңірден болсаңыз, Көкшетауға ұшақпен келіп, одан әрі көлікпен жетуіңізге болады. Немесе поезд арқылы Щучинск (Бурабай курорты) жетіп, сол жерден 19 шақырым жердегі Бурабай кентіне бара аласыз. Такси де бар, автобус та жүріп тұр. Көлікпен автобанда өту құны 200 теңге.Жалпы, ең жақсысы астанамыздан көлікпен жеткен абзал. Қазақстанның қай жерінен болса да Нұр-Сұлтан қаласына келу қиын шаруа емес, одан әрі Бурабай салыстырмалы түрде айтсақ тиіп тұр, яғни 240 шақырым ғана қашықтықта орналасқан.Баға бойынша:Мысалы, бас қаладан электричка Щучинскіге - 1884-2439 теңге (отырып барасыз), Бурабай кентіне дейін автобус - 2000 теңге, такси - 3500 теңге шамасында, айтқандай Щучинск пен Бурабай кенті арасындағы такси бағасы ада…

0
0
812

Кеше 2021 жылдың 27 мамыр күні Айжан Ғибатоллақызы тұрғындарды онлайн режімінде қабылдады.

Кеше 2021 жылдың 27 мамыр күні қоғамдық қабылдау бөлмесінде "Nur Otan" партиясының Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева Ғибатоллақызы тұрғындарды онлайн режімінде қабылдады. Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді. Мәселен Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы Жұбан көшесі 94 үй тұрғыны Айман Байгалиевна ауыз-су мәселесімен жолықты, Есенсай ауылдық округінің тұрғыны Актоты Жоламановна жұмысқа орналастыруды сұрап, хабарласты. А.Нысанбаева тұрғындардың койған сұрақтарына заң аясында жауап берді. Өтініштері назарға алынды. #nurotan #БҚО #депутат #мәслихат

0
0
167

Мұқағали мұрасы

Түркістан облысының мәдениет басқарма басшысы Әзіхан Серікұлының ұйымдастырып бастаған Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерей тойына арналған «Мұқағали мұрасы» - поэзия челленджін қолдау мақсатында Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы қабыл алып, әрі қарай Ақтөбе қаласы Нүрпейсов Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасына жолдаймыз.

0
0
297

«Рухани жаңғыру»

Қараоба ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай бой көтерген қос бірдей нысанның ашылу салтанаты болды. Алғашқысы Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясының 2011 жылы оқу бітірген 40-шы түлектерінің ауыл балаларының спортпен шұғылдануы және бұқаралық спортты дамыту үшін салынған «STREET WORKOUT» алаңы. Нысанның құрылысын 10 жылдық түлектер өздері жүргізген. Ал 2001 жылы мектеп бітірген 20 жылдық 30-шы түлектер болса Қараоба ауылдық округінің шекарасына шекаралық белгі тарту етті.

Игі шараға аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев, Қараоба ауылдық округінің әкімі Сәкен Ишанов арнайы қатысты. Сәрсенбай Меңдіжанұлы түлектердің ізгі істерге бастамашы болғандығына ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізіп, аудан әкімінің «Алғысхатын» табыс етті.

0
0
154

Аудан әкімінің орынбасары жеке қабылдау өткізді

2021 жылғы 27 мамырында "Nur Otan" партиясының Павлодар аудандық филиалында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қайыржанұлы Нұрмағамбетов жеке қабылдау өткізді.⠀ Өтініш берушілер оңалту орталықтарында сауықтыру мәселелері бойынша , сондай-ақ жұмысқа орналасу үшін мамандық алу мәселесі бойынша өтініш білдірді. Барлық мәселелер оң шешімін тапты. Сауықтыру мәселелері бойынша өтініш берушілер жолдама алды. Мамандық алу мәселесі бойынша өтініш беруші қысқа мерзімді оқуға жіберілді, онда курс аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасады.⠀

0
0
191

Бірыңғай тақырыптық қабылдау

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Заря ауылында "Ардагерлерді ардақтайық" және "Кедергісіз келешек"партиялық жобалары аясында азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау өткізілді. Қабылдауды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.П. Кузят, аудандық емхананың өкілі жүргізді. Барлығы 7 адам жүгінді. Өтініш берушілер тұрғын үй беру, мүгедек балаға велосипед сатып алуға көмек көрсету, несие алуға көмек көрсету, санаторийге құжаттарды ресімдеу және т.б. мәселелері бойынша өтініш білдірді. Барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.

0
0
203

Жеке қабылдау

Павлодар аудандық филиалында аудандық емхананың бас дәрігері, аудандық мәслихат депутаты Қайырбаева Гүлназ Мақанқызы жеке қабылдау өткізді.⠀ Өтініш берушілер скрининг жүргізу, ауруханаға жатқызу және балалар невропотолог дәрігеріне жазылу мәселелері бойынша өтініш білдірді. Барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер беріліп, ішінара шешілді.

0
0
145

«Nur Otan» партиясында денсаулық саласына қатысты мәселелер талқыланды

Партияның сайлауалды бағдарламасын орындауда Қоғамдық кеңестің алатын орны зор. Себебі денсаулық саласына қатысты түйткілді мәселелер өте көп. Әлемді алаңдатқан індет бізді де айланып өткен жоқ. Осы орайда денсаулық саласындағы жұмысты жетілдіруіміз қажет,- деді Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сергей Александрович.Жиынның күн тәртібінде қараукороновирустық инфекцияның таралуын төмендету бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық көліктердің санитариялық талаптар мен нормаларға сәйкестігін тұрақты бақылау, сондай-ақ дезинфекциялау жұмыстарын тұрақты жүргізу мәселелері талқыланды.Негізгі көрсеткіштер бойынша облыста орташа өмір сүру ұзақтығы соңғы 5 жылда 71-ден 72,1 жасқа дейін өсті. Нәрестелер өлімі…

0
0
280