Кеше 2021 жылдың 27 мамыр күні Айжан Ғибатоллақызы тұрғындарды онлайн режімінде қабылдады.
Кеше 2021 жылдың 27 мамыр күні қоғамдық қабылдау бөлмесінде "Nur Otan" партиясының Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева Ғибатоллақызы тұрғындарды онлайн режімінде қабылдады. Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді. Мәселен Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы Жұбан көшесі 94 үй тұрғыны Айман Байгалиевна ауыз-су мәселесімен жолықты, Есенсай ауылдық округінің тұрғыны Актоты Жоламановна жұмысқа орналастыруды сұрап, хабарласты. А.Нысанбаева тұрғындардың койған сұрақтарына заң аясында жауап берді. Өтініштері назарға алынды. #nurotan #БҚО #депутат #мәслихат
