Аудан әкімінің орынбасары жеке қабылдау өткізді
2021 жылғы 27 мамырында "Nur Otan" партиясының Павлодар аудандық филиалында аудан әкімінің орынбасары Қайрат Қайыржанұлы Нұрмағамбетов жеке қабылдау өткізді.⠀ Өтініш берушілер оңалту орталықтарында сауықтыру мәселелері бойынша , сондай-ақ жұмысқа орналасу үшін мамандық алу мәселесі бойынша өтініш білдірді. Барлық мәселелер оң шешімін тапты. Сауықтыру мәселелері бойынша өтініш берушілер жолдама алды. Мамандық алу мәселесі бойынша өтініш беруші қысқа мерзімді оқуға жіберілді, онда курс аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасады.⠀
