«Nur Otan» партиясында денсаулық саласына қатысты мәселелер талқыланды
Партияның сайлауалды бағдарламасын орындауда Қоғамдық кеңестің алатын орны зор. Себебі денсаулық саласына қатысты түйткілді мәселелер өте көп. Әлемді алаңдатқан індет бізді де айланып өткен жоқ. Осы орайда денсаулық саласындағы жұмысты жетілдіруіміз қажет,- деді Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сергей Александрович.
Жиынның күн тәртібінде қараукороновирустық инфекцияның таралуын төмендету бойынша жүргізілген іс-шаралар туралы, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындар мен қоғамдық көліктердің санитариялық талаптар мен нормаларға сәйкестігін тұрақты бақылау, сондай-ақ дезинфекциялау жұмыстарын тұрақты жүргізу мәселелері талқыланды.
Негізгі көрсеткіштер бойынша облыста орташа өмір сүру ұзақтығы соңғы 5 жылда 71-ден 72,1 жасқа дейін өсті. Нәрестелер өлімі 15,5% – ға, қатерлі ісіктерден болатын өлімі 5,9% - ға, туберкулездің 62,2% - ға төмендеуі оң динамикаға қол жеткізілді.
Шығыс Қазақстан облысының медициналық қызметкерлері болашаққа нық сеніммен қарайды, себебі халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалып жатыр. "Nur Otan" партиясы денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөледі, сондықтан партияның бұл бағыттағы қызметі өте маңызды,- дейді ШҚО "Онкология және хирургия көпбейінді орталығының" директоры Сағидуллина Гүлмира Ғабдоллақызы.
Денсаулық сақтау саласын дамыту "Nur Otan" партиясы сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының негізгі басым бағыттарын бірі екендігін айта кеткен жөн.
