Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Рухани жаңғыру»

Қараоба ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай бой көтерген қос бірдей нысанның ашылу салтанаты болды. Алғашқысы Ғ.Қараш атындағы мектеп-гимназиясының 2011 жылы оқу бітірген 40-шы түлектерінің ауыл балаларының спортпен шұғылдануы және бұқаралық спортты дамыту үшін салынған «STREET WORKOUT» алаңы. Нысанның құрылысын 10 жылдық түлектер өздері жүргізген. Ал 2001 жылы мектеп бітірген 20 жылдық 30-шы түлектер болса Қараоба ауылдық округінің шекарасына шекаралық белгі тарту етті.

Игі шараға аудандық мәслихат хатшысы Сәрсенбай Молдашев, Қараоба ауылдық округінің әкімі Сәкен Ишанов арнайы қатысты. Сәрсенбай Меңдіжанұлы түлектердің ізгі істерге бастамашы болғандығына ризашылығын білдіріп, жылы лебізін жеткізіп, аудан әкімінің «Алғысхатын» табыс етті.

0
0
125

Осы тақырып бойынша

«Рухани жаңғыру» - Yvision.kz