Бірыңғай тақырыптық қабылдау
Ағымдағы жылдың 26 мамырында Заря ауылында "Ардагерлерді ардақтайық" және "Кедергісіз келешек"партиялық жобалары аясында азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау өткізілді. Қабылдауды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Н.П. Кузят, аудандық емхананың өкілі жүргізді. Барлығы 7 адам жүгінді. Өтініш берушілер тұрғын үй беру, мүгедек балаға велосипед сатып алуға көмек көрсету, несие алуға көмек көрсету, санаторийге құжаттарды ресімдеу және т.б. мәселелері бойынша өтініш білдірді. Барлық сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.

