Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық қабылдау

Бүгін аудан филиалында облыстық мәслихат депутаты -Байтаев Базархан Ізмұханұлы кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойылды. Соның ішінде: тұрғын үй, әлеуметтік көмекке қатысты мәселелер бойынша сауалдар қойылды. Базархан Ізмұханұлы барлық аталған проблемалық сұрақтарға өз жауабын берді.

0
0
163

Қоғамдық қабылдау

Аудан филиалында аудандық мәслихат хатшысы -Теңелбаев Жандос Қасқырбекұлы кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойылды. Соның ішінде: тұрғын үй, әлеуметтік көмекке қатысты мәселелер бойынша сауалдар қойылды. Жандос Қасқырбекұлы барлық аталған проблемалық сұрақтарға өз жауабын берді.

0
0
188

Комиссияның тексеру жұмыстары

"Nur Otan" партиясы Қаратал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Байгунысовтың қатысуымен 2021 жылдың 15 шілде күні Алматы облысы, Қаратал ауданы, Жолбарыс батыр ауылдық округіндегі "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Кәлпе орта мектебі" КММ-сі, "Қанабек Байсеитов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі" КММ-сі, Кәлпе дәрігерлік амбулаторирясы және "Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-сінде Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды бақылау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тексеру жұмыстары өткізілді. Тексеру нәтижесінде кемшіліктер анықталып, тиісті ұсыныстар берілді.#КЕДЕРГІСІЗКЕЛЕШЕК

0
0
243

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының өңірлерде орындалуына мониторинг жүргізу, құрылыс нысандарының жұмысымен танысу мақсатында бүгін Қапшағай қаласына арнайы жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тажмағамбетова Мақпал Мазаққызы келді.Қапшағай қаласының әкімі, қалалық партия филиалының төрағасы Нұрлан Орынбасарұлымен бірге Мақпал Мазаққызы өз іс-сапарын «Nur Otan» партиясы Қапшағай қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының жол картасына енгізілген Заречный ауылындағы 20 пәтерлі тұрғын үй, Қапшағай қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысының барысымен танысудан бастады. Қапшағай қаласының 3-ші, 5-ші шағын аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі…

0
0
304

ҚР-ның Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Мазаққызы Тәжмағамбетова бүгін Қапшағай қаласында

ҚР-ның Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Мазаққызы Тәжмағамбетова бүгін Қапшағай қаласының қалалық кітапханасында болып, кітапхананың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты. Кітапхананың Коворкинг орталығы, оқу залы, абонемент бөлімі, Рухани жаңғыру және Қаламгерлер бөлмесі және таяуда «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында ашылған балалар бөлмесімен, сондай-ақ «Айдыны шалқыған, шағаласы қалқыған Қапшағай», «Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген әдебиеттер», ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік–Мәңгілік елдің тұғыры», «Қапшағайдың әдебиет әлемі», «Кітаппен ғасырдан ғасырға», «Экран бетіндегі кітаптар», «Кітап – білім бұлағы» басқа да тұрақты кітап көрмелермен және «Өлке әдебиеті цифрлық форматта» атты мобильді стендімен таны…

0
0
266

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы Ақжайық ауданына барды

12 шілде Ақжайық ауданына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы ауданның тыныс тіршілігімен танысты. Сенат депутаты алдымен Тайпақ ауылдық округінде болып, ауылдық аурухананың, күрделі жөндеуді қажет ететін Ы.Алтынсарин атындағы мектептің, тұқымды малды асылдандырумен айналысатын "Еркін-Берік" шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Кейін аудан ортылығында жүргізіліп жатқан Жайық жағалауының бекіту жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындар үшін маңызды құрылыс жоспарына қатысты өз ойын білдірді.Нариман Төреғалиұлы Чапаев ауылында ақиық ақын Ж.Молдағалиевтың ғасыр тойы қарсаңында бой көтерген Жұбан орталығында болып, орталықтың жұмысын оң бағалады.Сонымен қатар сенат депутаты Тайпақ және Чапаев ауылының зиялы қауым өкілдерім…

1
0
258

Көбешев Еркін Әмиұлы

Мен, Көбешев Еркін Әмиұлы, "Nur Otan"партиясынан Өрел ауылдық округі әкімдігіне кандидатпын. Қазіргі уақытта Катонқарағай ауданының аумақтық сайлау комиссиясында тіркеуден өттім. Сіздердің қолдауларыңызға сенемін!!!

0
0
183

Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина.

Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина бүгін Катонқарағай ауданына келіп, әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Шекаралық аудандандарды дамыту бағдарламасына сәйкес салынып басталған 30 пәтерлі үйдің және «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы негізіндегі 2 пәтерлі 7 үйдің құрылысымен танысты. Сондай-ақ Сенат депутаты ауданымыздағы Анатолий Матасов басшылық жасайтын «Жас Қанат» шаруа қожалығына барды. Шаруа қожалығының басшысымен әңгімелесу барысында ауылшаруашылық мақсаттағы субсидияларды бөлу жүйесін өзгерту туралы ұсыныстар айтылды.

0
0
222