Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина.
Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенатының депутаты Ольга Булавкина бүгін Катонқарағай ауданына келіп, әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Шекаралық аудандандарды дамыту бағдарламасына сәйкес салынып басталған 30 пәтерлі үйдің және «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы негізіндегі 2 пәтерлі 7 үйдің құрылысымен танысты. Сондай-ақ Сенат депутаты ауданымыздағы Анатолий Матасов басшылық жасайтын «Жас Қанат» шаруа қожалығына барды. Шаруа қожалығының басшысымен әңгімелесу барысында ауылшаруашылық мақсаттағы субсидияларды бөлу жүйесін өзгерту туралы ұсыныстар айтылды.
