Қоғамдық қабылдау
Бүгін аудан филиалында облыстық мәслихат депутаты -Байтаев Базархан Ізмұханұлы кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойылды. Соның ішінде: тұрғын үй, әлеуметтік көмекке қатысты мәселелер бойынша сауалдар қойылды. Базархан Ізмұханұлы барлық аталған проблемалық сұрақтарға өз жауабын берді.
