«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»
«Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының өңірлерде орындалуына мониторинг жүргізу, құрылыс нысандарының жұмысымен танысу мақсатында бүгін Қапшағай қаласына арнайы жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тажмағамбетова Мақпал Мазаққызы келді.
Қапшағай қаласының әкімі, қалалық партия филиалының төрағасы Нұрлан Орынбасарұлымен бірге Мақпал Мазаққызы өз іс-сапарын «Nur Otan» партиясы Қапшағай қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының жол картасына енгізілген Заречный ауылындағы 20 пәтерлі тұрғын үй, Қапшағай қаласындағы 900 орындық мектеп құрылысының барысымен танысудан бастады. Қапшағай қаласының 3-ші, 5-ші шағын аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қаламыздағы мәдениет саласының қызметкерлерімен экспромт-кездесу өткізді. Бағдарламаға сәйкес «Nur Otan» партиясы Қапшағай қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Заречный ауылының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Қалалық қоғамдық жағажайдағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік шараларының сақталуы, төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған шаралармен танысты.
Одан кейін қаламыздағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, ол жердегі тұрғындармен кездесіп, сұхбаттасты.
Кездесулерге жауапты мекеме басшылары, мердігер компания өкілдері, еңбек ұжымдары, қала және ауыл тұрғындары қатысты.
