Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР-ның Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Мазаққызы Тәжмағамбетова бүгін Қапшағай қаласында

ҚР-ның Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Мазаққызы Тәжмағамбетова бүгін Қапшағай қаласының қалалық кітапханасында болып, кітапхананың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты. Кітапхананың Коворкинг орталығы, оқу залы, абонемент бөлімі, Рухани жаңғыру және Қаламгерлер бөлмесі және таяуда «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында ашылған балалар бөлмесімен, сондай-ақ «Айдыны шалқыған, шағаласы қалқыған Қапшағай», «Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген әдебиеттер», ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік–Мәңгілік елдің тұғыры», «Қапшағайдың әдебиет әлемі», «Кітаппен ғасырдан ғасырға», «Экран бетіндегі кітаптар», «Кітап – білім бұлағы» басқа да тұрақты кітап көрмелермен және «Өлке әдебиеті цифрлық форматта» атты мобильді стендімен танысты.

Сонымен қатар, Мақпал Мазаққызы мәдениет қызметкерлерінің қатысумен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында “Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырып өтті. Кездесуде бірқатар мәселелер талқыланып, Мақпал ханымға бүгінгі күнде балалар әдебиеті мен оқулықтарының сын көтермеуі туралы депутаттық сауалнамаңыздың жауабын алғандығы туралы сұрақтар қойылды. Өзінің ұсыныстарын да айтып өтті.

Кісілігі мен кішілігі бойына тұнып тұрған жерлесіміз, Жетісудың аманатын арқалап жүрген аяулы ақын қызымыз, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Алматы облысың мақтанышы, «Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы Мақпал ханымның өзінің жүрген жерінде аталған жобаға ұсынған осы қалалық кітапхана деп айтып жүруі, біздің мерейімізді асырып, еңбегімізді бағалауы деп білеміз.

0
0
230

Осы тақырып бойынша

ҚР-ның Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Мазаққызы Тәжмағамбетова бүгін Қапшағай қаласында - Yvision.kz