ҚР Парламенті Сенатының депутаты Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы Ақжайық ауданына барды

12 шілде Ақжайық ауданына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Төреғалиев Нариман Төреғалиұлы ауданның тыныс тіршілігімен танысты.

Сенат депутаты алдымен Тайпақ ауылдық округінде болып, ауылдық аурухананың, күрделі жөндеуді қажет ететін Ы.Алтынсарин атындағы мектептің, тұқымды малды асылдандырумен айналысатын "Еркін-Берік" шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Кейін аудан ортылығында жүргізіліп жатқан Жайық жағалауының бекіту жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындар үшін маңызды құрылыс жоспарына қатысты өз ойын білдірді.



Нариман Төреғалиұлы Чапаев ауылында ақиық ақын Ж.Молдағалиевтың ғасыр тойы қарсаңында бой көтерген Жұбан орталығында болып, орталықтың жұмысын оң бағалады.

Сонымен қатар сенат депутаты Тайпақ және Чапаев ауылының зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, көтерілген сауалдарға жауап берді.




