Тұрғындардың наразылығын тудыруда
Ауданға жол салынатынын естігенде жәнібектіктердің қуанышында шек болмады.Алайда жол салып жатқан мердігерлердің жүк тасушы ауыр көліктері Жәнібек ауылының ішімен өтіп, ауылішілік асфалтты бүлдіре бастады.Дәлірек айтсақ ауыл сыртында орналасқан айналма жолмен өтуді қиынсынған жүргізушілер, жол қысқартпақ ниетпен Жәнібек ауылының оңтүстік бағытындағы Е.Ниетқалиев атындағы көше арқылы өтеді.Сонымен қатар, Қ.Мусин, Т.Жароков атындағы және Жеңіс көшелерімен де ауыр техникалардың жүріп өткенін көрген тұрғындар Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары, «Жәнібек» бастауыш партия ұйымы төрайымының атына арыз-шағымдар түсірді.Осыған орай аудандық партияның бақылау комиссиясының төрағасы Миранбек Ибатов пен «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ләззат Айтқалиқызы және аудандық жол полициясы…







