Депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді
Бүгін «Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиевтің төрағалығымен аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат хатшысы Тахир Кадимов және депутаттық фракцияның мүшелері қатынасты.
Отырыс күн тәртібіне партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында белгіленген міндеттерді орындау бойынша ағымдағы жылғы бірінші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы мәселе енгізілді.
Бұл мәселеге қатысты отырысқа қатынасқан әр депутаттық фракция мүшесі өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бағытында қолға алынған шаралар туралы баяндап, аудан экономикасын одан әрі дамытудағы, ауданның бірқатар өзекті мәселелерін және тұрғындардың аманаттарын шешудегі жетістіктерді атап өтті.
Отырысты қорытындылаған «Nur Otan» партиясының Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдіріп, ел игілігі үшін алда тұрған міндеттердің тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз етуде аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының әр мүшесі тиісті мекеме, ұйымдармен және тұрғындармен бірлесе отырып, аянбай еңбек жасау қажет екендігін баса айтты.


