Партиялық бақылау аясында
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Мирас Иманғалиевтің қатысуымен және аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Манарбек Әдиев қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Жәнібек ауылының шығыс бетінде салынып жатқан екі қабатты жаңа үйлердің құрылысында болып, құрылыс жұмыстарының процесімен танысты. Мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесінде мердігер «Энергоремсервис» ЖШС болып анықталған,техникалық қадағалаушысы «Shanurak Jobalau» акционерлік компаниясы белгіленген.


