Партиялық бақылау аясында
Партиялық бақылау аясында «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейрамбек Ибатов,жұмыспен қамту орталығының басшысы және комиссия мүшелерінің қатысуымен Жәнібек ауылында орналасқан Т.Жароков атындағы орта білім беретін мектебіне барып, жұмыс процесімен танысты. Жұмыс барысында мектептегі кәріз жүйесінің жұмыс жасау,ыссы сумен қамтамасыз етілуі және әжетхана жағдайларының мәселелері қаралды. Мектепте, коммуналдық қызметтердің барлық түрлері жұмыс жасап тұр және оқушылар үшін білім алуға барлық жағдай жасалған.


