Иесіз ғимараттар апатты жағдайда
Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасары, «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ләззат Абдолова, «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев пен аудандық партияның бақылау комиссиясының төрағасы Миранбек Ибатов Водстрой көшесі тұрғындарының наразылығын негізге ала отырып, аталған көшенің маңында орналасқан ескі ғимараттарды аралады.
Ләззат Айтқалиқызы бақылау комиссиясының мүшелеріне ет, шұжық комбинаттарының қаңқасы, туберкулез ауруханасының орындары апатты жағдайда тұрғандығын және тұрғындар үшін қауіп тудыратынын, сонымен қатар ауылдың абаттандырылуына да теріс әсерін тигізетінін айтып, аталған ғимараттарды бұзып, орындарын тегістеуге қажеттілік туындап тұрғандығын жеткізді.

