Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мұханбетжанова Әлия Биғазықызының төрағалығымен Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өткізілді

Бүгін "Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы Мұханбетжанова Әлия Биғазықызының төрағалығымен Саяси Кеңесі Бюросының отырысы өткізілді. Күн тәртібінде бір мәселе қаралды.

1.«Nur Otan» партиясынан Шыңғырлау аудандық мәслихатындағы депутаттың бос орнына партиялық резервтік тізімнен үміткерді ұсыну туралы.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша филиал төрағасының бірінші орынбасары Азамат Таганиязов хабарлама жасады. Шыңғырлау аудандық мәслихаты депутаттығының бос мандаты партиялық кадрлық резервтік тізіміндегі «Nur Otan» партиясының мүшесі Камзаева Ақмарал Сиражқызының кандидатурасын ұсыну туралы Саяси Кеңесінің Бюросының қаулысы қабылданды.

0
0
195

Осы тақырып бойынша