ШҚО- да «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесі отырысы өтті.Жиынның күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облысында ұлттық спорт ойындарын дамыту және атқарылып жатқан іс –шаралар туралы және «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасында айқындалған мемлекеттік тілді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша қос барқарма өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.Жалпы облыс бойынша ұлттық спорттың түрлерімен айналысуға барлық жағдайлар жасалған. Мысалы ұлттық ат спортты түрлерімен айналысу үшін облыста 14 ипподромдар жұмыс атқаруда- деді ШҚО Денешынықтыру және спорт басқармасының өкілі Хусаинов Ф.А.Сонымен қатар отырыс барысында кеңес мүшелері Денешынықтыру және спорт басқармасына ұлттық ат спорты соның ішінде асау үйрету, жамб…