Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ШҚО-да маслихат депутатары 8 ай ішінде 757 қоғамдық қабылдау өткізген.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының облыстық және аумақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлімдері арқылы облыстық жене аудандық малихат депутаттары 757 қоғамдық қабылдау өткізген.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында депутатар фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілері арқылы «Депутатқа сауал қой» айдарымен 250 –ден астам тікелей эфир өткізіліп тұрғындарды толғандырған сауалдарға нақты жауаптар беріп партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасындағы бастамалардың жүзеге асырлу барысы таныстырылды.

Осы жылдық қаңтар айынан қыркүйек айына дейінгі аралықта депутаттарға 1637 адам түрлі мәселелер бойынша жүгініп көмек сұраған. Осы өтініштердің 574-і бойынша дер кезінде шара қолданылып оң шешімін тапса, 801 өтініш бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп кеңес берілген. Ал қалған 264 өтініш әліде жұмыс үстінде. Қоғамдық қабылдауға түскен өтініштер мен арыз-шағымдардың 48,9% әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша түскен. 23,4 % өтініш тұрғын үй-коммуналдық мәселелерін, 27,7% өтініш жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан шығару, еңбек ақы өндіру мәселесін қамтыған.

0
0
288

Осы тақырып бойынша

ШҚО-да маслихат депутатары 8 ай ішінде 757 қоғамдық қабылдау өткізген. - Yvision.kz