Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында..

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында мынадай өзгерістер енгізді:

1) мүгедектігі жоқ, дәрігердің тағайындауы бойынша стационарлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдар ең төменгі нормаларға сәйкес техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етілуі мүмкін;

2) емдеу-еңбек қызметін жүргізу арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде (шеберханаларда, жылыжайларда, қысқы бақта), үй жанындағы учаскелерде жүзеге асырылуға және стационарлық үлгідегі ұйымдарда қызмет алушыларды олардың денсаулық жағдайын ескере отырып, тыныс-тіршіліктің әртүрлі нысандарына тартуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге тиіс;

3)үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлер униформамен және жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, қолғаптар) қамтамасыз етілуге тиіс;

4) қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына түскен адамдар мен қамқорлықтағылардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылары техникалық көмекші құралдар мен қатты мүкәммалды сатып алуға пайдаланылуы мүмкін.

5) төтенше жағдай және (немесе) шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілген жағдайда комиссия мүшелері комиссия отырысына онлайн режимде қатыса алады.

Барлық енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

***

Министерством труда и социальной защиты населения РК внесены следующие изменения в сфере предоставления специальных социальных услуг:

1) лица, не имеющие инвалидность, проживающие в стационарных медико-социальных учреждениях по назначению врача могут быть обеспечены техническими вспомогательными (компенсаторными) средствами и специальными средствами передвижения согласно минимальных норм;

2) проведение лечебно-трудовой деятельности должно осуществляться в специально организованных кабинетах (мастерских, теплицах, зимнем саду), на приусадебных участках и обеспечивать создание в организациях стационарного типа таких условий, которые позволят вовлечь получателей услуг в различные формы жизнедеятельности с учетом состояния их здоровья;

3) социальные работники надомного обслуживания должны быть обеспечены униформой и средствами индивидуальной защиты (маски, перчатки);

4)пенсионные выплаты и пособия лиц и опекаемых, поступившие на контрольные счета наличности, могут использоваться на приобретение технических вспомогательных средств и твердого инвентаря.

5)в случае введения чрезвычайного положения и (или) ограничительных мероприятий, в том числе карантина, чрезвычайных ситуации социального, природного и техногенного характера, члены комиссии за расходованием пенсионных выплат и пособий принимают участие в заседании комиссии в онлайн режиме.

Все внесённые изменения и дополнения позволят улучшить качество предоставления специальных социальных услуг.

0
0
401

Осы тақырып бойынша

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында.. - Yvision.kz