ШҚО- да «Miras» аймақтық кеңесінің отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесі отырысы өтті.
Жиынның күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облысында ұлттық спорт ойындарын дамыту және атқарылып жатқан іс –шаралар туралы және «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасында айқындалған мемлекеттік тілді дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша қос барқарма өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
Жалпы облыс бойынша ұлттық спорттың түрлерімен айналысуға барлық жағдайлар жасалған. Мысалы ұлттық ат спортты түрлерімен айналысу үшін облыста 14 ипподромдар жұмыс атқаруда- деді ШҚО Денешынықтыру және спорт басқармасының өкілі Хусаинов Ф.А.

Сонымен қатар отырыс барысында кеңес мүшелері Денешынықтыру және спорт басқармасына ұлттық ат спорты соның ішінде асау үйрету, жамбы ату, асық ату бағыты бойынша жұмысты жандандыру қажет екендігін жеткізді.
Облысымыздағы республикаға танымал асау үйретуден мықты тәлімгер Тәттімбек Кәпұлының тәжірибесін жастармен бөлісу үшін нақты шаралар ұйымдастыру қажет деп ойлаймын. Себебі асау үйерту, жамбы ату, біздің халқымыз үшін жат емес екендігін білесіздер – деді «Miras» аймақтық кеңесінің мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Хуанбай Әскерхан.
Мемлекеттік тілмен ұлттық мәдениетті дамытуды қамтамасыз ету мақсатында партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасына тіл саясатын жүзеге асыруға арналған нақты бастамалар еңгізілді.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылғандай мемлеке тілдің қолдану аясын кеңейту бағытында жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Қоғамда этностар арасында мемлекеттік тілдің мақсаттары мен міндеттерін насихаттау басым бағыт болып табылады. Облыста 118 этномәдени орталықтарды топтастырған 14 Достық үйі жұмыс жасайды. Мемлекеттік тілді қолдануды ынталандыратын Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы дайындаған бейнероликтер жүктеліп, насихаттау жұмыстары жүргізілді. Облыста тіл саясатын іске асыру жұмыстары ары қарай жалғастырылатын болады –деді ШҚ лингвистикалық орталығының директоры Қалтаева Әсемгүл Мәдениетқызы.
