Журналистиканың 6 бас сұрағы
Әр журналист мақала жазатын болса, мынадай алты сұраққа жауап беруі тиіс: Кім, Қайда, Қашан, Қалай, Неге. Журналист осы сұрақтарға қысқа да болса ақпарат беруі қажет. Ағылшын тілінде алты сұрақтың бесеуі W әрпінен басталады және біреуі H. Сол себепті кәсіби тілде журналистер оларды «Бес W және бір H» деп атайды. Осы сұрақтарды журналистикаға Редьярд Киплинг енгізген болатын. I KEEP six honest serving-men (They taught me all I knew); Their names are What and Why and When And How and Where and Who. Мақала жазар алдында оның құрылымын анықтау қажет, мысалы, оқиға желісінің жоспары сияқты. Алайда, ең бастысы - мақаланы неден басталатынын анықтап алу керек. Басында сіздің қойын дәптеріңізде осы алты сұраққа жауап беретін ақпараттың бар-жоғын тексеріп алайық. Егер бар болса, онда материалға кір…
