Мазмұнға өту
poetry

Dauren Kubeyev

@poetry

Сайтта 2009 ж. 8 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

16

пікірлер

16

тіркелуші

15

жазылымдар

7

Қинаймай-ақ, көрмегенсіп құрышы!

Сен енді оралмайсың.
Кеткенсің сен оралмайтын жақтарға,
Қуаныш боп алыс жақта бақтарға.
Мені іздеме, іздегенмен таппассың,
Анықтама парақтарын ақтарма.
Сен кеткенсің, сені іздеуден не пайда?!
Барам сені амалсыздан қимай да.
Оқып жатсаң, бұл сөздерге мән берме,
Көз салма да менің жазған шимайға.
Ән қалдырдың жүрегімде сөзі жоқ,
Мұңлы әуенге қанды құлақ құрышым.
Жатса дағы кездесудің кезі кеп,
Қинаймай-ақ, көрмегенсіп құрышы!
0
3
670

Махаббат күші - тылсым күш

Махаббат күші - тылсым күш. Оны өлшемге салу мүмкін емес, оны тек қана сезуге болады. Антропологтардың айтуынша махаббаттың биологиялық түсінігі бар. Ол - эволюцияның қулығы. Табиғаттың механизмі. Ғашықтық сезімі адамның миының кокаин әсер ететін бөлшегіне ықпал етеді екен. Соған қарағанда, махаббат есірткі іспеттес, бірақ физикалық белгілері жоқ, ұстап көре алмайтын, иіскелмейтін не ішілмейтін тылсым күш. Допомин. Адам ағзасы ғашық болған кезінде эйфория сезімін бастан кешеді. Осы эйфория сезімі допомин гармоны арқылы жүзеге асырылады екен. Норадреналин. ғашығын көрген сәтте махаббаттан басы айналған адамның алақаны суланып, белгілі бір физиологиялық белгілер байқалады екен.Осыған әсер ететін тағы бір гормонның аты - норадреналин. Ғашық болған күні адамның ішкі табиғаты өзгеріске енеді.…

0
2
5916

Махаббат шыны емес жалғай салар..

Сен сездің де, амалсыз үндемедің,
Сездің ғой жүрегіңмен күнде мені.
Сен мені сол шақтары құшақтап ап,
Жүрегіңе шақырып "кір" демедің?!
Сен неге қатыгезсің соншалықты,
Құлады ғой биіктен сонша мықты.
Сені ойлап ұйықтасам да, барша санам,
Түндегі Айға барып мұң шалыпты.
Сүймедің, "сүйемін" деп алдадың кеп,
Алақанға жүректі алмадың тек.
Жылуын да сезе алмай сендік демнің,
Сынықтарын сезімнің жалғадым көп.
Махаббат шыны емес жалғай салар...
0
0
982

сен қасымда бар болғаның бағалы

бар ма жанның сағынбауға амалы, 
сезім-толқын шарқ ұрады жағаны. 
алыстаған шақта ғана түсіндім, 
сен қасымда бар болғаның бағалы.

сағынасың, көздің жасы тамады - 
сағынышты бір басудың амалы. 
шыда, жаным, сәлден кейін күлімдеп, 
құшағыма қысып-қысып аламын.

сезіміңнің әсем әуен бал әні, 
мәңгілікке бар санамда қалады. 
маған десе мың өзгерсін барша әлем, 
сен қасымда бар болғаның бағалы.

Daure6 (c)

0
4
932

Қу ақынның жүресің бағын ашып...

Сен мені ұнатасың,
Бірақта байқатпайсың,
Жаныңды жылатасың,
Жай таппайсың,
Көңілің налып.

Қарайсың, сұратасың,
Жібермейсің,
Жанарыңның құлы ғып жүрер дейсің,
Сен неге сыр ашпайсың,
Мұңыңның бәрін жинап,
Маған барып?!

Мен адаммын,
Періште емес,
Қасыңдамын,
Сезімді қалай мынау жасырғаның?!
Жаныңның маған деген ылтипатын,
Жыр сипатын,
Түсінбеді қу миым,
Санам, - барым.

Қалайша?
Қалай ғана сағынасың,
Қу ақынның жүресің бағын ашып.
Қалайша мұндай жанның,
Тым асау, қызу қанды,
Айтқанына сенесің,
Бағынасың,
Асыл бағым?!

0
1
627

Кілтін іздеп әлде сіз көресіз бе?!

Тіршілікті тербеткен бесігінде,
Жатырмын жырмен құшып Жер-Ананы.
Мен деген кейіпкердін есі кімде? -
Жауабын жүрек қана бере алады.

Жүрегімнен сұра не, сұрама не,
Кілті жоқ сандығында сыр жатады.
Жалынышты жыла не, жылама не,
Тұңғиық тереңіне кім батады.

Бөле мейлің, бөлеме шапағатқа,
Жүрегім сыр ашпайды дәлелсізге.
Тұрақтылық болмады-ау махаббатта,
Кілтін іздеп әлде сіз көресіз бе?!

(с) Daure6

0
1
583

Тағы сол ән...

Тағы сол ән...
Тағы биге шақырдым,
Ендім тағы құшағына асылдың.
Сездім тағы алақанның жылуын,
Қуанышты байқатпадым, жасырдым.

Билеймін деп өзегімді өртедім,
Сезім вальсы әуеніне елітеді.
Бір ырғақпен жайлап қана айналып,
Сүйгеніммен билеп жүрмін - ертегі.

Қиналамын, қиындықты жасырман,
Оның жаны таза, алтын, асылдан.
Шоқтан алау жағып көргім келді ме? -
Мен ғой оны қайта биге шақырған.

(с) Daure6

0
2
661

Сен соны түсінуге тырысып-бақ

Мен саған тиісуге құмармын тым,
Тыным таппай тұрғанда құрысып жақ.
Ақын-көңіл пәлеге құмар, шіркін,
Сен соны түсінуге тырысып-бақ.

Бір сезім бір сезімге алмасады,
Санамда жауабы жоқ толы сұрақ.
Қуанышқа қайғы мұң жармасады,
Сен соны түсінуге тырысып-бақ.

Ақынмын, ақын-көңіл сезім құмар,
Тұрамын күлгендермен күлісіп-ақ.
Көңлімнің бар арайы өзің шығар,
Сен соны түсінуге тырысып-бақ.

Daure6 (c)

0
0
1175

Аймалауға құмартамын шашыңды (Сүйіктіме)

Алма бетті кішкентайым, асылым,
Маған қарап күлімдейсің жасырын.
Көздеріңнің мөлдірінен айналып,
Асау өзен көңіліммен тасыдым.

Қолдарыңның нәзіктігін сезініп,
Қабағыңнан көңіліңді тез ұғып.
Сені ойлаумен таң атқанда оянам,
Сені ойлаумен күн батқанда көз іліп.

Ыстық ернің таңба болып басылды,
Шаттық сезім бүршік атып ашылды.
Ай мүсінді келбетіңе бір қарап,
Аймалауға құмартамын шашыңды.

Daure6 (c)

0
1
733