Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көңілімді шаң басты ма, білмедім?!

Көңілімді шаң басты ма, білмедім?!
Қабағыма қар түскендей күлмедім.
Қарауытып кетті менің көздерім,
Қуанышын бөлісе алмай өзгенің,
Қайран көңіл бір нәрсені іздедің?!

Үзген гүлдей солыңқырап қалдың ба?!
Еритіні бар емес пе қардың да?!
Бүгінгі күн кешегіден тамаша,
Неге көңіл күрең күздей - қараша?!
Талай шаттық күтіп тұр ғой алдыңда!

Сезім-толқын жағалауын тебеді,
Не екен ол - көңілімнің керегі?
Қанша тағдыр қинаса да жаныңды,
Қайта сергіп тулатады қаныңды,
Жайқалтады көңіліңнің терегін!

Көтер басты, күңгірт күнде мұңайма,
Жап-жас терек жел соққанға құлай ма?!
Кемшілігін теріп күллі жаһанның,
Мұңға батып, тығырыққа тақалдың,
Мұндай күй-жай жаратқанға ұнай ма?!

Daure6 (c)

0
7
1256

Осы тақырып бойынша

Көңілімді шаң басты ма, білмедім?! - Yvision.kz