Мазмұнға өту

Жаңа

Сәлем, Tarantyl!

Сәлем, Tarantyl!

Пайдаланушы *** сізді өзінің френдлентасына қосқысы келеді!

не знаю почему, но для меня это прозвучало дико смешно))

0
5
342

Алақай!

 Мен үнхабар жазуға бағыт алдым!Әрине, Асхат ағайдың көмегімен. Бәрін біліп алдым деп айта алмаймын.Өзімді былай жұбатып отырмын:

             Бәрін білем деме құрбым,

             Білмейтінін көп шығар.

             Бәрін білем дейтін адам

             Бұл өмірде жоқ шығар.

Ағайдын сабағы бітіп қалғаны өте өкінішті.Бірақ бізбен байланыста болады деген үміттеміз.Кездескенше!  

0
2
364

Мүсін...

Бәрімізді тас қараңғы бөлмеге кіргізді. Бір шамның да жағылмағанын қарасаңшы!

Бөлме іші құбыжықтардың мүсініне толы. Әрқайсысының екі көзі бар. Сол екі көз саған тесірейіп қарағандай болады. Денем түршігіп кетті. Арыстан терісін жамылған кісі артымнан келіп, шошытпай ма? Ай, жүрегім-ай, орныңда екенсің ғой әйтеуір. Мына құбыжықтың қасына суретке түссем бе екен, ә? "Арыстан ағай, мені суретке түсіріп жібересіз бе", - деп едім, Арыстан ағай мені шошытқанын ұмытып кетсе керек, танымағандай жанымнан өтіп кеткендай-ақ?! Арыстан ағай, ағай, а-ғай?...Бір кезде "Әкел, мен түсірейін" деген дауыс естілді. Артыма қарасам, сөйлеп тұрған құбыжық екен. Тіпті құбыжықтың өзі де емес, мүсіні...

0
0
991

Маған бәрібір...

"Мейлі жер сілкінсін, сел бассын, мейлі күн күлімдеп, ай толсын, маған бәрібір!" дейтін адамдарға бір нәрсені түсіндіру, ұқтыру қиынға соғады. Себебі, оларға бәрібір. Жерде өлік жатса, жанынан айналып өте беретін, жап-жас сәби анасымен бірге аштан-аш көшеде қонып жүрсе, қол ұшын бермек түгіл, бір сәт болса да жаны ашымайтын заман ғой. Тіпті заман сондай емес, адамдар осындай дер едім. Жеке басының аман-саулығынан басқа еш нәрсе оларға қызық емес, қызықтырмас та. "Қоғам", "адам" деген ұғымдарды жай ғана сөз ретінде қабылдай алатын, сол сөздің астарында сан қилы тағдыр, сан алуан өмір жатқанынан беймәлім адамдар ғой олар. Бір адамның бойына осыншама зұлымдық, рақымсыздық, немқұрайлылық, мейірімсіздік қайдан ғана жинала қалады? Осыдан бірнеше ай бұрынғы болған жағдай есіме түсіп отыр. Тролле…

0
7
3093

О книге «Шала қазақ» Жумабая Жакупова

"Первое впечатление от книги было странным. Посвящение Мухтару Шаханову и первые главы вызвали, откровенно говоря, не очень приятные чувства. Создалось ощущение заискивания автора перед казахоязычными. Такое явление среди русскоязычных казахов присутствует (и называется стеснением по поводу незнания родного языка), но чтобы вынести его на страницы книги, я такого ещё не видел. Бросалось в глаза и противоречие между первоначальным посылом..."

Подробнее - на http://blog.isabekov.com/2009/10/12/

0
0
738

Репрессияларды жүргізбейтін твиттерянин

Жомарт Әмірханов Қазнеттің танымал өкілі, оның Қазақстан Интернетіне арналған блогы тұрақты оқырманға ие. Сонымен қатар, Жомарт Твиттер әлемінің белсенді тұрғыны. Дәл қазір оған жазылған адам саны - 857 (390 фолловинг санымен), ал ондағы жазбалар саны 16 мыңнан асып кетті. Твиттердің бүгінгі жай-күйі мен ондағы қазақстандықтардың белсенділігі жайында білу үшін Жомартты әңгімеге тарттым. Твиттер жайында алғаш рет қайдан және қашан естідің? Қашан қолдана бастадың? Қиын сұрақ екен. Алғаш фолловингім Иван Богураев болғандықтан, мүмкін, соның блогынан оқыдым. Бірақ осы жаңалықты Хабрахабрдан оқып, кейін Твиттерден қазақстандықтарды іздей бастағаным да әбден мүмкін. Қашан қолдана бастағаным жайында жауап беру қиын емес, себебі ол үшін арнайы сервистер бар. Твиттерде мен 2008 жылдың шілде айында…

-6
7
671

Брэд Фитцпатрикпен сұхбат

LiveJournal-дың негізін салушы Брэд Фитцпатрик қолданушылардың блогтарында ақша табудың (монетизация) мүмкіндіктері жайында баяндап беру мақсатымен Мәскеуге келген еді. Google-да инженер-программист болып жұмыс істейтін Фитцпатрик ЖЖ-ның монетизациялануына сенбейтінін және тұғырнама жақында «ескіріп» қалуы мүмкін екенін «Ведомости» газетіне айтты. Сұхбаттан үзінді: - LiveJournal-ды жасауға не түрткі болды? - LiveJournal - өз ризашылығым үшін, күнделігім ретінде жасалынған жоба. Кейін оны достарым пайдалана бастады, кейін достарымның достары т.с.с. Содан соң барлық қолданушылар үшін тіркелуді ашып қойдым. Бір кезде менің жеке күнделігім әлдеқайда танымал сервиске айналды, сервис көп қолданушылар санына шыдамағандықтан, жаңа серверлерді сатып алуға тура келді. ЖЖ-ның қолданушыларынан ақша с…

-6
0
876

Ант пен серттердің құны жоқ әлем

«Бойцовский клубтың» әкесі Чак Паланик - Американың танымал жазушысы, журналист. Радио мен баспасөзде жүріп, жай ғана жұмыстан көбірек жасаймын деген мақсатпен әлеуметтік қызметке араласады (емделмейтін аурулары бар науқастар мен мүсәпірлерге көмек). Оның алғаш романы «Көрінбейтін құбыжықтар» («Invisible Monsters») баспада қабылданбағаннан кейін ашулы автор "Бойцовский клубты" жазып, оның экранизациялануынан соң әлемге танылады. Шығармаларының кейбір цитаталары: - Шынын айтсам, қайда болмасаң да, қажет жерде емессің. - Мәңгілікке ұмытқың келетін нәрсеңді ешқашан да ұмыта алмайсың. - Біз бәрі де нашар болып тұрғанды жақсы көреміз. Бірақ ешқашан оны мойындамаймыз. - Әркімнің өз жеке комасы бар. - Өзіңе түсініксіз нәрсені өз қалауынша түсің. - Егер де біз әлденені түсіне алмасақ, ол бізді жы…

-6
0
939

Бөтен қар

Орхан Памуктың «Қар» атты романы Турцияның өзінде 2002 жылы басылды, бірақ шет елде, әсіресе англосаксон әлемінде көбірек сатылды. Төменде есімде қалған эпизодтар мен алған әсерлерімнен үзінді. Қар үнсіз; заңсыздыққа қарсы тұра алмаған қалашықтың тұрғындары секілді, театрда революция басталған кезде үнсіз отырған көрермен секілді, бастарына орамал таққан асылып өлген қыздар секілді қар да үнсіз. Автордың театрдағы эпизодты суреттеуі - қала тұрғындарының үрейін, мұңын көрсетіп, сахнадағы қойылымды олардың әрекеттерімен байланыстырған сияқты болады. Спектакльдің мизансценасы өте күрделі, себебі әртістер сахнада да, сахнаның әр жағында да орналасқан. Спектакль - бұл Карс тұрғындарының әрекетсіздігі мен шарасыздығына бағытталған гротеск, оларға салынған карикатура. Қиын өмір театр сахнасынан…

-6
0
656

«Неге жоқ?» сұрағына 3 маркетингтік шешім

Біркелкі тауарлар жалықтырып жібереді, сол себепті нарыққа бұрынғыларға ұқсамайтын нәрсе әкелетіндер өзіне назар аудартып, бонусқа ие болады. Осылайша, тұтынушы қуанышты, бәсекелестік басымдылыққа қол жеткізілген және сатылым деңгейінің өсуі де жоқ емес. Төмендегі идеялар ұтымды маркетингтік шешім болып саналады. 1. Сауда үйлеріндегі велосипедтер Үлкен сауда орталықтарына себеті бар велосипедтер жетіспейді. Азық-түлік бөліміне осындай велосипедпен келіп, ауыр жүгіңізді сүйретпей, ыңғайлы түрде қажет тауарларды сатып алуға болады. Осы велосипедтерді анықталған бағаға сату арқылы сатып алушыдан фан, меншік иесінен инвестициялардың қайтарылуына қол жеткіземіз. Осы «жаңа енгізілім» жайында бәрі айта бастайды және сауда үйі үшін жайлы ақпараттық фон пайда болады. Бұл маркетингтік шешімді келеш…

-6
0
1381