Қазақстандағы балалар әдебиеті және оқулықтар мәселесі
Математика оқулығы 2-сыныпқа емес, 2 сыныпқа арналған екен... Алматы қаласының ірі кітап дүкенінде қазақ тіліндегі балалар әдебиетін іздеп тұрған жарты сағат уақытымда дүкенге 5-6 ата-ана мектеп, балабақшадағы баласына кітап іздеп келді. Барлығы да сатушыға оқулықтарды еш жерден таппай жүргенін айтып түсіндіруде. Баласын ана тілінде оқытқысы келген ата-ананың кітап таба алмай, барлық дүкендерді аралап, шарқ ұрғанын көріп, орыс мектебіне оқытуға бере салмағанына іштей риза болдым. Бір жағынан, 2009 жылғы көрсеткіштер бойынша әлемдегі қағаз өндірісі нарығының 54%-ын құрайтын Қытаймен көршілестік біздің отандық баспаларымыздың жағдайын әлдеқайда жеңілдетер күнге де жеттік пе деп ойлайсың. Онымен олай емес екен, жеке фирмалардың өз каталогтарын түрлі-түсті жалтырақ қағаздан басып шығарып, көш…