Алматыда блогерлердің бірінші республикалық жиыны өтті
Басқосуға республиканың барлық аймағынан еліміздегі халық ең көп қолданылатын yvision.kz атты блогерлер қауымдастығының ең беделді тұтынушылары келді.
Кездесуді портал жетекшілігі ұйымдастырып отыр. Блогерлер жиынына келген жастар бір-бірімен жақынырақ танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Қазіргі кезде yvision.kz сайтына күн сайын 25 мыңнан астам адам кіреді. Онда 20 мыңға жуық тұтынушы тіркелген, оның 1 жарым мыңнан астамы беделді блогерлер. Әрбір интернет тұтынушы мұнда өз күнделігін ашып, жұртшылыққа ғаламтор арқылы өз ой-пікірлерін, шығармашылығын ұсына алады.
