Мазмұнға өту
shamon

shamon

Сайтта 2010 ж. 10 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

7

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Қой бизнесі

Демалысқа ауылға барған едік. Інішек қой қырқып отыр екен. “Жүнін қайда өткізесіңдер?” десем, “Білмеймін” дейді. Содан сол ауылдың азаматтарынан сұрастырсам, келісі 300 теңгеден Қытайға өткізеді екен. Кейін сол өз қойымыздың жүнінен тоқылған киімді Қытайдан сатып алып жүргенге ұқсаймыз. Қой жүні нарығына қатысты ресми мәліметтер қарастырып көріп едім. Кезінде Радиода істегенде арнай хабар дайындаған екенбіз. Сондағы деректерді ұсынып отырмын. Мәжіліс депутаты Амангелді Момышевтың мәліметінше, Қазақстанда 19 миллиондай қой бар. «Әр қойдан шамамен үш-төрт келі жүн қырыққан күннің өзінде, жылына 80 мың тоннадай жүн жиналады. Сонда бір қойдан шамамен, 100 теңгенің жүнін алсақ, қазынаға 1 жарым, 2 миллиард теңге мөлшерінде табыс түседі» дейді депутат. Оның пікірінше, елімізде жүн өндірісі және…

0
0
1585

Қытайда қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімдер жұмыссыз қалуы мүмкін

Қытайдағы қазақ мектептеріне қауіп төніп тұрғаны осыдан екі-үш жыл бұрын қазақ баспасөзінде өткір көтерілген еді. Дипломатия мәселесіне салсақ, бір мемлекет екінші мемлекеттің ішкі ісіне араласа алмайды. Алайда ұлт мәселесі тұрғысынан алып қарағанда рухани қудалау болып жатқанда үндемей қалу – айып. Қазақстанда бұл тақырыпқа қатысты қоғамда қозғау болғанымын Қытай үкіметіне “Қазақ мектептерінде оқу бұрынғысынша қазақ тілінде оқытылсын” деп талап қойылмайтыны түсінікті. Ал бұл тақырыпты қазір қазақ баспасөзінде тек Қазақстандағы қауымды ұлттық мәселеге қарату үшін құрал ретінде сәтті қолдануға болады. “Қараңдаршы, қытайда бауырларымыз қиналып жатыр. Қазақша білім ала алмайды” деген тәрізді салыстырма теңеулер “Өз елімізде неге қазақ мектептеріне балаларыңды бермейсіңдер. Қазақ мектептеріні…

0
2
860

Құрбан айт қабыл болсын!!!

Барлықтарыңызды Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!!! Ниеттеріңіз, тілектеріңіз Алла тағаланың құлағына шалынып, орындала берсін дегім келеді. Өмірде кейде түңілетін, түңілтетін сәттер көп болады. Соған қарамастан біз өмір сүреміз, күшті боламыз. Осындай кездерде бұл өмірде бізден де қайғырып, нан іздеген адамдар қаншама екендігін ұмытпайық. Құрбан шалу, мал етін тарату тек осы кезде ғана емес, сонымен қатар 365 күннің қай күні болмасын іске асып отырғаны қандай жақсы болар еді. Тым құрымағанда садақа беріп, мешітке барып отырудың да сауабы мол деп есептеймін. Мүмкін үлкен бір жаңалық ашпаған шығармын. Бірақ өмірде осындай бір кішкентай жақсылықтарды жасауға көңіл бөлмей кететініміз шындық. Теледидардан естіп едім. Қателеспесем Алматы каналынан, жетімдерге немесе жағдайы жоқ отбасы балал…

0
0
2348

Ақшам көп болсын десеңіз…

Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз. Барлығында да бip мақсат – ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше – көбейту. Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр. Қолыңызда миллион теңге тұрып, одан ешқандай пайда көре aлмаyыңыз да мүмкін, керісінше он мың теңге бүкіл байлықтың негізі болып жататын әсерлері де аз емес. Ақшаға байланысты ырымдарды сіз де жасап көріңіз, бәлкім сіздің де қалтаңыз қалыңдар… Ақшаны ешқашанда үстел үстіне қоюға болмайды. Сонымен қатар, кілтті, машинаның кілтін үстелдің үстіне қоюға болмайды. Бұл ырымның жоралғысы – машинаның кілтін қойсаңыз, айдап кетеді, үйдің кілтін қойсаңыз ұрлап кетеді. Дастарханның үстін қолмен сыпыруға болмайды, міндетті түрде шүберекпен, әpi қиқ…

0
1
1891

Біздің ауылдың тұрғындары…

Қазіргі кезде біздің елдегі адамдардың мәдени-этикалық тұрмысы тіптен төмен деңгейде. Әрине, бәрі емес, бірақ көбінің. Кез-келген жерде ұрсысуға, айқайласуға, төбелесуге дайын тұрады. Әсіресе қоғамдық көлікте. Жалпы қоғамдық көлік мәселесі үлкен тақырып. Күнде болмасын, бірақ аптасына бір рет көлікте келеңсіз жағдайларға ұшырасамын. Мысалы, дер кезінде ақшасын бермесе кондукторлар ұрсыса кетеді, немесе кондуктор ақшасын дер кезінде қайырмаса жолаушы ұрсыса кетеді. Алдыңғы уақытта осы дер кезінде берілмеген ақша үшін екі әйел тіпті төбелесіп те кетті. Аузына келгендерін айтып, добалдай жігіттер әрең ажыратты. Әйтеуір барлығының жүйке жүйелері жұқарып кеткен ба, осы адамдарға не жетпейді деп ойлап кетесің. Аяғын абайсызда басып кетсең, «Көзіңе қарамайсың ба? Арырақ тұрмайсың ба? Немене итер…

0
0
1138