Мазмұнға өту
Aigul4itai

Айгуль Жамалова

@Aigul4itai

Сайтта 2009 ж. 1 сәуірКазахстан, Астана

And then she`d say: It`s ok, I got lost on the way. But I`m a supergirl. And supergirls don`t cry. (Reamonn)

рейтинг

100

жазбалар

463

пікірлер

3 883

тіркелуші

567

жазылымдар

73

Менің сүйікті қазақ тілді әндерім

Сол көргенімнен нақты қанша жыл өткені есімде жоқ. Әйтеуір, СОК-тың(Спортивно оздоровительный комплекс) қасында құрбыммен қыдырып жүрген болатынмын. Алдымыздан ұлты орыс жұп қол ұстасып озып кетті. Ал жігіттің ұялы телефонынан бір таныс әнді естігендей болдым. Құрбым маған жалт қарап, бұл "Бәйтерек" тобының "Сен" атты әні емес пе деп сұрады. Сонда менің тұла бойымды бір түрлі жылы сезім жаулап алғандай болды. Махаббат тақырыбына арналған өлеңдердің қай тілде айтылып жатқаны соншалықты маңызды ма? Мен өз көзіммен көрген мысалға қарап, жоқ деп жауап берер едім. Алайда, бұл жазбамның басты тақырыбы ол жайында емес. Мен сіздердің көңіліңізді қазіргі қазақ тілді әндерге бұрмақпын. Нақтырақ айтқанда, өзім ұнататын және қаншама уақыт өтсе де "плей-листтен" өшірмейтін өлеңдер тізімімен таныстырғы…

Өтінемін

Анау-мынау деп төртінші курсқа да қол жеткіздік. Шынымды айтсам, әлде де үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрғаныма сенбеймін. Енді төртінші курс болғандықтан, бізді аса қыспайтын шығар деп ойлайтынбыз бұрын. Қайдам... бұл да өмірдегі көптеген жалғандардың бірі сияқты))) Сонда да біздің оқытушыларымыздың сабақ беру әдістемесі ерекше))) Қыркүйектің бірінен бастап қаншама дәптерлерімізді алып жүрсек те, бір беттің көлемін де толтырған жоқпыз. Әліге шейін тап таза. Ал күнтүзбеге қарасақ, бір ай өтіпті. Тағы бір қызық! Семестрдің соңында тапсыратын курстық жұмыстың тақырыптарын өткен аптаның дүйсенбісінде беріп еді, келесі дүйсенбіге дейін бітіріңдер деді. Айтуға сөз жоқ))) Енді отырысым осы. Күздің керемет жылы сенбісінде үйде отырып екі күн ішінде курстық жұмысымды бітірмекшімін. Тақырыб…

0
7
688