Кеден сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуде
Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Ішкі қауіпсіздік бөлімі мен департаменттің жеке құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты айқындау және оның алдын алу мақсатында бірнеше ықпалды шараларды атқаруда. Бүгінгі таңда департаментте кеден саясаты жөнінде қоғамдық консультативтік кеңес құрылып, оның құрамына «Нұр Отан» ХДП мен орта және кіші бизнес өкілдері енгізілді. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша департамент қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес 3 қылмыстық іс қозғалған. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын 2 құқық бұзушылық анықталған. 21 қызметтік тергеу жүргізіліп, олардың қорытындысы бойынша 22 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр. Кедендік бақы…