Тарихи маңызы зор аймақ қырғыз жеріне өтіп кетті!
Қырғыз-қазақ шекарасында жер дауы туындады. Жамбыл облысына қарасты Қаракемер ауылында шекараны бөлу кезінде мың гектардан астам жер Қырғызстанға өтіп кеткен. Наразылыққа шыққан жергілікті халық бұған Оңтүстік аймақтық шекара қызметін айыптап отыр. Сондай-ақ Кенесары ханның әйгілі әрі соңғы рет соғысқан «Майтөбе майданы» аймағы да енді қырғыздарға тиесілі болып қалған.
