Алға Қазақстан


Азия ойындарына келетін спортшылар мен делегацияға ұсынылатын тағамның құрамын Денсаулық сақтау министрлігі тексеруден өткізуде. Академия қызметкерлері спортшылар денсаулығына не керегін және олардың қанша күш шығындайтынын анықтап алған соң, тағамдарды таңдауды бастаған. Спортшылардың ас мәзірі жаттығу кезіндегі, сайыс кезіндегі және әдепкі күндегі тағамдармен толықтырылды. Алматы мен Астанаға ат басын тірейтін жанкүйерлер мен спортшыларды барлығы 22 қонақүй қарсы алады. Аталмыш қонақүйдегі тағамдардың халал стандартына сай болуы қатаң тексерілу үстінде. Азия ойындарына қатысатын біраз ел мұсылман мемлекеті болғаннан кейін, намаз оқитын арнайы зал бөлу немесе бөлмеде намаз оқуға мүмкіндік жасау жолдары қарастырылуда. Сонымен қатар, қонақүй бөлмелерінде құбыланы көрсетіп…
Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Ас (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): “Жұмақта Құранды түгел немесе бір бөлігін жатқа білген, (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерімен амал еткен) адамға: Құран оқып, жоғарылай түс. Дүниеде оны қалай мәнерлеп (яғни, ережелеріне сай етіп) оқысаң, бұл жерде де дәл солай мәнерлеп, оқы. Расында сенің пейіштегі дәрежең, өзің жатқа оқитын соңғы аяттың тұсында болады (яғни, пейіштегі дәрежеңнің өсуі, өзің жатқа оқитын соңғы аятпенен толастайды) деп айтылады” – деген» – делінген.
(Риязус-салихин кітабынан)
Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары жетерлік. Олардың дені қазіргі этика, педагогика, психология ғылымдары тұжырымдарымен қиюласа, астарласып жатады. Осы саладағы рухани мұрамызды осы күнгі ғылым деңгейіне, оның төңірегіне топтастыратын, жүйе-жүйесімен талдауға алсақ, бұлардың өзіндік сыр-сипатын айқындала түседі. «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп, Шыншыл, әділетті, иманды болу, сонау ата-бабамыздан келе жатқан дәстүріміз. Бұрынғы ата-бабаларымыз ұлттық салт-дәстүрімізді мықтап ұстауын талап еткен. Ал қазіргі тәрбиеміз бұрынғыдан қарағанда әлдеқайда…
Жүрегіңіз әлсіз болса оқымаңыз! «Еттен алып отырыңыз, құрметті мейман, бұл өзіңізге арнап асқан нәрестенің еті». Мұндай сөзді әлі-ақ еститін боласыз. Шығыстағы қысық көз көршіңізден, көршіңіз деппіз ғой, ханзу құдаңыздан. Құдаңыз сізді құдайындай сыйлайтын болса, м індетті түрде ең қадірлі қонақасына – шақалақ нәрестенің етін жеп, сорпасын ішуге шақыратын болады. Иә, ит жеген кәрісті де көргенбіз, кәріс боламыз деп иттің етінен кәуәп пісіріп (Павлодар облысы, Май ауданында болған) қырылып қала жаздаған қазақтарды да көргенбіз. Құрт-құмырысқаны тамсана шайнап, бақа-шаянды жұтынып жейтіндерге таңданбайтын болғанбыз. Ал, ХХІ ғасырда адам етін жеп, ата дәстүрі каннибалдықты жалғастырып келе жатқан қытайлар өздерінің нағыз «айдаһар» екендіктерін жасырмайды, айылын да жыймайды. Қытайдағы…
Мәскеудегі Домодедово әуежайында болған лаңкестік әрекеттен қаза болғандардың тізімінде 18-болып тұрған Өзбекстан азаматының ұлты қазақ болуы мүмкін. Өзбекстанда төлқұжатқа адамның аты-жөні латын әрпімен, өзбекше айтылуымен жазылатыны белгілі. Қаза болған МОМБЕТОВ Орикбай Рометович - Мәмбетов Өркібай Рәметович болуы да ықтимал. Өзбек ағайындар "өрік" сөзін қолданбайтыны белгілі. Сондағы қазақтардың ала ағайыннан тақиялы қысым көрмеу үшін паспортқа ұлтын өзбек деп жаздырып жүргенін еститінбіз. Бұл туралы нақты ақпарат табылып жатса жария ететін боламыз. Әзірге толық тізім төмендегідей. Өздерімен бірге құжаттары болмаған азаматтарды анықтау жұмыстары бүгін басталды. Қаза болғандардың 7-і мұсылман. № Аты-жөні Туған жылы Белгісі 1 БАБАРЫКИН Владимир Аркадьевич 1966 Мәскеу қаласы 2 БАБЕНКО Мар…
Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Алланың қасында зор сыйлық бар. (Әнфал сүресі-28)
Малдарың да балаларың да сендерді жанымызға жақындастырмайды. Бірақ кім иман келтіріп, оң іс істесе, міне соларга істегендерінің салдарынан неше есе сыйлық бар. Сондай-ақ олар аман-есен жоғары орындарда болады. (Сәбә’ сүресі - 37)
Ақыл-есi бар адам өмiрлiк жұбайына деген махаббатын‚ сүйiспеншiлiгiн оның бес-он жылдық уақытша және тән сұлулығына арнамайды. Қайта әйел баласының асқан сұлулығының ең әдемiсi және бақи қалатын жаз дидарлы мейiрiмiне‚ әйелге тән жан сұлулығына арнауы керек. Сонда ғана бейшара зайыбы қартайған сайын‚ күйеуiнiң оған деген махаббаты жалғаса бермек. Өйткенi оның зайыбы тек мына тiршiлiкте ғана уақытша көмектесетiн жолдас емес‚ қайта мәңгi өмiрiнде де өмiр бақи сүйiктi жұбайы болғандықтан, бұрынғыдан да артық қасиет тұтып, рақымдылық жасап‚ қартайған сайын бiр-бiрiн сүйiп өтулерi керек. Қазiргi таңда мәдени-ағарту тәрбиесi деп ат жамылған хайуандардағыдай уақытша жұптық тұрмыстан соң мәңгi айрылысуға душар болған семья өмiрi‚ әрине‚ мүлдем бұзылады. Тағы да Рисале-и Нұрдың бiр бөлiмiнде былай…

Қаңтардың 28-і күні Президент Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жария етеді. Ол былтырғы жолдауын «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп атаған болатын.
Елбасы бұл реттегі жолдауында қандай мәселелерді күн тәртібіне қоюы мүмкін?.. Алдын ала тараған ақпараттарға сенсек, Нұрсұлтан Әбішұлы денсаулық сақтау, білім беру, сапалы, таза ауыз су, тұрғын үй, коммуналдық сала туралы сөйлейтін көрінеді. Тағы не? Тағы не күтесіз? Ендігісін жұрт айтсын. Талқы форумның аясында көп тілегінің не екенін біле отырайық.
«Абай-ақпарат»
Қазақстандық 12 кинорежиссер Голливудта өтетін халықаралық конкурсқа жолдама алады. Он аптаға созылатын конкурста әрбір режиссер әйгілі мамандарға сеніп тапсырылып, әр аптаның аяғында қазылар алқасы қатысушылардың бірімен қоштасып отырады. Жеңімпазға өзінің төл туындысын түсіру үшін 2,5 млн АҚШ доллары көлемінде сыйақы ұсынылмақшы. Конкурсқа қатысу үшін алдымен алматылық мамандардың сарабынан өту қажет. Жергілікті сыншылардан сүрінбей өту үшін талапкерде толықметражды фильмнің дайын сценариі болуы міндетті. Қатысушының сұранысты екі үш минуттық бейне ролик форматында дайындап, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді қоса беруді ұмытпағаны абзал. «New Hollywood Filmmaker» - Голливудқа тың жаңалық енгізетін жастарға жол ашатын халықаралық конкурс әрі ойын сауықтық…