ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қазақстандықтарға жат мереке

Осы мәселе қанша рет айтылып, жазылып келе жатса да, әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Бұл мерекені колледждерде, мектептерде, университетте тойлау дәстүрге айналғаны рас. Сонымен қатар оқушыларға ақыл айтып, жөн сілтейтін ұстаздарымызда өкінішке орай бұл мерекені атап өтуде. Бұның несі жақсы дейсіз?

Ал енді «Әулие Валентин» күнінің тарихына көз жүгіртсек, б.з.д. 269 жылы 14 ақпанда бұрынғы римдіктердің Гелосий Луперкалий күні «Әулие Валентин» күні болып өзгертілді. Валентин – орта ғасырда Дания елінде өмір сүрген әулие адам болған. Ол жастар арасында өзінің ағартушылық жұмысын насихаттады. Жастарды еш құпиясыз некелестіріп, олардың туыстарының қарсыласуына қарамастан ғашықтардың басын қосудан бас тартпаған. Осындай іс-әрекеттері сол кездегі император Клавдий ІІ-нің заңдылықтарына қайшы келген болатын. Б.з.д. 270 жылы 14 ақпанда император Әулие Валентинді өлім жазасына кесуді бұйырады. Сол күннен бастап, 14 ақпан католиктер үшін «Әулие Валентин» яғни махаббат күні болып есептеледі.Бұдан шығатын түйін, бұл біз тойлайтын мереке емес. Қазіргі уақытқа шейін «Әулие Валентин» күнін тек қана католиктер емес, оған қоса өзге діннің ұлттары да тойлау үстінде. Тіпті алысқа бармай-ақ өзіміздің қазақтарымыз бұл мерекені атап өтуде. Көбінесе қазіргі жастарымыз еліктеушілікке бейімделуде. Қазақ жастарының ұлттық сана-сезімін ояту үшін өзіміздің нағыз төл мерекеміз махаббат күні деп неге «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күнін жарияламасқа. Шынында да олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі, ықыласы, сыйластығы, беріктігі - нағыз шынайы махаббаттың куәсі.Демек өзге елдің Валентинін қастерлемей, өз еліміздің ұлттық мерекесін қастерлейік халайық!