Мазмұнға өту

Жаңа

Оқушыларға арналады...

11 сынып, мектеп бітіретін кез... Бойыңа сыймайтын, керемет болашаққа деген сенім!.. "Кім болам? Қайда оқуға түсем? Армандарым орындалады ма?" Осы сұрақтар бойыңды билейді.

Қазіргі түлектерді білмеймін, өзімде дәл осылай болған. Дәл сол кезде маған ақыл айтар (қажетті сайттарды білетін адамдар) ешкім болмады.

Сол үшін түлектерге берер кеңесім, ZUBBR сайтын көріңдер. Болашақ бағдарламасымен шетелдерде білім алған, тәжірибелері мол адамдар онда көп. Тіпті, ЕНТ сұрақтарының базасы құрылған! Егер мектеп қабырғасынан кейін шетелде білім алғың келсе, тағы сол сайтқа кір!

0
0
504

zubbr.kz сайтына кіріңіздер!

Мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде журналистика факультетінің қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасында білім аламын. Бізге 19,02 күні тобымызға келген қонақтарға өте риза болдым. Олардың лекцияларында маған қатты ұнағаны zubbr.kz  сайты. Осы сайтта болашақ абитуриенттерге қандай ЖОО оқу орнына түсуге болатынын, қандай мемлекетте сапалы білім алуға болатындығы туралы көбірек мәлімет берілген. Біздің Айгерім Бегалиева апайымызға улкен алғысымызды білдіреміз және де осындай қонақтарды лекциямызға шақырғанына!

0
0
550

«Қазақтелеком» АҚ iD Phone жаңа телекоммуникациялар шешімін ұсынады

«Қазақтелеком» АҚ Қазақстан байланысының жетекші операторы абоненттердің жаңа қызметтерін беру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. iD Phone – SIP хаттамасы негізінде деректер беру желістері бойынша ұйымдастырылған телефонияның жаңа мүмкіндіктері. iD Phone шешімі деректер беру желісіне кең жолақты қатынау қызметі арқылы беріледі және Қазақстан Республикасы аумағында бірыңғай виртуалды офистік стансы ұйымдастыруға және пайдаланушының орналасқан жеріне қарамастан бірыңғай нөмірді пайдалану мүмкіндік береді.
iD Phone қызметі ағымдағы жылы Солтүстік Қазақстан облысында жіберілді және қажет еткен барлық абоненттерге беріледі.

Толық ақпарат: http://www.telecom.kz/ сайтында.

0
0
785

Тойдың болғанынан боладысы қызық!

Алдында айтып кеткенімдей, ҚазҰУ университетінің Журналистика факультетінің "Қоғаммен байланыс және жарнама" кафедрасының 10 жылдығына орай осы факультеттің 105 топ студенттері концерт ұйымдастырдық.

Қазақ елі айтқандай "тойдың болғанынан боладысы қызық" болды.

Біріншіден, концертке "шынайы" дайындық  соңғы 3 күн ішінде болды. Екіншіден, 25 адамнан тұратын топта концертке 5-6 адам ғана дайындалды. Үшіншіден, концерт болатын залда алғашқы дайындық дәл концерт басталғанда болды.

Концерт сценарийі, номерлер қайталанбас қызық болды. Әсіресе, өзіме ұнағаны жүргізушілердің концертті басқарғаны.

Концерт керемет деңгейде болды деп айта алмаймын. Дегенмен, топтың ішінде ұйымшылдық, сыйласымдылық және ауызбіршілік бар екенін көрсете алдық деген ойдамын.

0
1
1646

barcamp сайтының жиналысы өтпекші

15-17 сәуір аралығында  KIMEP университетінде barcamp сайтының жиналысы өтеді.

Онда сіздер өз мамандығын жетік білетін  адамдармен кездесе аласыз. Тіпті онда өз презентацияларыңызды таныстыруыңызға болады.

Толығырақ ақпаратты http://barcampkz.net/ сайтынан аласыздар.

0
0
453

Barkampkz.net сайттарының мүшелері.

ҚазҰУ-дың журналистика факультеті, қоғаммен байланыс және жарнама кафедрасының 105 қазақ тобында 19,02 күні Ирина, Инесса және де Жанат атты қонақтар лекцияға қатысты. Олар Barkampkz.net сайттарының мүшелері. Жанат yandex.kz әлеуметтік сайтының ұйымдастырушысы болып табылады. Олар көптеген өздерінің қызықты оқиғаларын айтып берді және де көптеген қазақша әлеуметтік сайттарды әңгімеледі. Мысалға:zubbr.kz ,yandex.kz , twitter.com деген сияқты. Бізге бұл өткен лекция өте ұнады!

0
0
403

Yandex директоры мен barcamp-тің Қазақстандағы ұйымдастырушылары ҚазҰУ-ға келді!!!

Ақпанның 19-на  Yandex директоры мен barcamp-тің Қазақстандағы ұйымдастырушылары ҚазҰУ-дың журналистика факультеті, Пиар кафедрасына, яғни, бізге келді. Олар өздерінің жұмыс барыстарын, бұл жұмысқа калай келгендігі жөнінде бізге баяндады. Өздерінің бастан кешкен оқиғаларын айтты.

0
0
577

Әлемде түрлі қызық бар!!!

Мен ҚазҰУ университетінің Журналистика факультетінде білім алудамын. Осы жылы ақпанның 19-да мен өмір жолдары шынайы қызық адамдармен таныстым. Олардан көптеген қазақстандық сайттар жайлы ақпарат алдым. Мысалы, Гарворд университетінің студенттері жасаған NEWEURASIA cайты. Бұл сайтқа 5 жыл толды.

Шынымен, көптеген қажетті ақпарат алуға болады...

0
0
779

14,02,2011 жылы PR және жарнама кафедрасының туған күні болып өтті

14,02,2011 жылы PR және жарнама кафедрасының туған күні болып өтті. Соған орай 105 PR қазақ тобы концерт ұйымдастырды. Яғни PR және жарнама кафедрасына 10 жыл толды. Концерт жлғары деңгейде өтті. Көрермендердің көңілінен шықты деп ойлаймын. Көпетеген кызықты ойындар, ән-билер, басқа да нөмірлер болды. Барлығы өте сәтті өтті!

0
1
485

ҚазҰУ-дың журналистика факультетіндегі Пиар кафедрасының 10 жылдығының жабылу кеші өтті.

14 ақпанда ҚазҰУ-дың журналистика факультетіндегі Пиар кафедрасына 10 жыл толды. 10 жылдықтың ашылу салтанаты орыс тобына берілді. Ал жабылу кешін қазақ тобы ұйымдастырды!

"PRoрыв" атты ашылу кеші орташа деңгейде өтті. Орыс тобы киноиндустрия етіп жасады. Ашылу кешін "Сказ о розовом зайце" киносындағы актер келді.

18-ақпанда "көңілді the end" атты жабылу салтанаты керемет өтті. Қазақ тобы өздерінің патриот екенін көрсетіп, арнайы гимн, ұран, логотиптерін ойлап тапқан.

Кеш өте креативті идеялармен ұйымдастырылған. Ең айтарлықтай жері Пиар маманын Золушкаға теңеген.

0
1
471