Ахметжан Абдуруслович қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді.
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық мәслихат депутаты Аширов Ахметжан Абдуруслович қоғамдық қабылдау бөлмесінде, кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауын өткізді. Қабылдауға жазылған азамат Мавдашев Олег Жаркент қаласының тұрғыны жалғыз басты қарт, от жағу маусымы келуі бойынша, қатты отынмен көмектесуін сұрап келді. Қабылдау нәтижесінде қатты отынмен көмек көрсетті. Қабылдауға жазылған азамат өз тарапынан шексіз алғысын білдірді.
