" Алаш арыстары" атты тақырыпта кітап көрмесі
"Nur Otan" партиясы Панфилов аудандық филиалы "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында, Алтыүй ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен " Алаш арыстары" атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жүргізілді.
Және " Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары" атты тақырыпта тарихи сағат өткізілді.
Мақсаты : оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады.
Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 - 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.
«Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы.
1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ сезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды.
Алаш арыстарының ең басты еңбегі заманның қиыншылықтарына қарамастан ел еркіндігіне ат салысып,қолдан келгенін бәрін жасады.
Шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Әділбай Дінмұхамед Мұхамедәліұлы Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстарымыз жайында айтып өтті.
#Ұлттықмұра
